Жаңалықтар

«Ел үміті» марафоны

22.12.2020

Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы аясында Ақтөбе қаласында жас таланттар мен көшбасшы жастарды қолдауға арналған «Ел үміті» марафоны өтті. Шараға Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамып, өз ісінің білікті маманы болған, ел дамуына өз үлесін қосқан 3000-н аса жастар қатысып, түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М. Тулебай архив ісін елімізде және шетелдерде алға жылжыту, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, облыстағы архив ісінің заманауи деңгейде дамуына қосқан үлесі үшін Ақтөбе облысы бойынша марапатталды.