Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұловамен кездесу

07.01.2021

Бүгін 2021 жылдың 6 қаңтарында Ақтөбе қаласына іс-сапарының барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова және Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалин Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде ұжым қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисова Ақтөбе облысының мәдениет және архив салаларындағы 2020 жылғы жұмыс қорытындыларымен, “Жұмыспен қамту Жол картасы” бағдарламасы аясында архив ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен және 2021 жылға құрылысы жоспарланған Кітапхана және архив ғимараттарының эскиздік жобасымен таныстырды. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай “Цифрлы Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және аса құнды архив құжаттарын “Электронды құжаттардың бірыңғай архиві” базасына енгізу жұмыстарын туралы баяндады. ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова облыстық архив архив қызметіне жоғары баға беріп, құжаттарды қалпына келтіру құрылғыларын алу қажеттілігін атап өтті, архив ұжымына мемлекет тарихын сақтаудағы маңызды қызметтеріне табыстар тілеп, алғысын білдірді.