Жаңалықтар

«Архив-2025» Отандык архивтермен ыкпалдастыкты ныгайту

04.02.2021

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде «Архив-2025» жобасының аясында-отандық архивтермен ұзақ мерзімді әрі жүйелі ықпалдастықты нығайту мақсатында Қостанай облысының мемлекеттік архивінің директоры Қозыбаев Сәбит Сагитович және заңгер–маман Чернышева Вероника Сергеевнамен архив қызметкерлерінің қызметкерлері кездесті. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласын талқыланып, әріптестер пікір алмасты. Кездесу барысында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай «Архив-2025» жобасының кешенді іс-шаралар жоспарының жүзенге асырылуы, архив құжаттарын цифрландыру және «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» базасына енгізу, архив ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижелері бойынша тәжірибе алмасты. Шара барысында әріптестер «Архив-2025» жобасы бойынша жұмыс жоспарларымен бөлісті.