Жаңалықтар

“Архив және болашақ ұрпақ” жобасы

15.09.2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жыл “Балалар жылы” деп жариялауына байланысты ҚР мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен “Архив және болашақ ұрпақ” жобасының аясында “Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві” КММ қала тұрғындарына, студенттерге, мектеп оқушыларына арнап “Ашық есік күні” іс- шарасын өткізеді. Сіздерге архив ісінің маңызы, құжаттарды есепке алу, сақтау, пайдалану бойынша қызықты мәліметтер ұсынылады. Сонымен қатар құнды құжаттардан жасақталған көрме деректерімен танысасыздар.