Жаңалықтар

Архив саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясының 4-отырысы

12.10.2023

2023 жылғы 10-13 қазан аралығында Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өтіп жатқан Архив саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясының 4-отырысына Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Тулебай Марат Тулебайұлы қатысып, ынтымақтастықты дамыту жөніндегі талқылауда өз ойымен бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Қазақстан-Ресей арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, ынтымақтастықты дамыту, ықпалдастықты арттырумен қатар, архив ісі саласында кездесетін өзекті мәселелермен бөлісу, алыс-жақын шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды, ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Тулебай Марат Тулебайұлы мен РФ Орынбор облысының біріктірілген мемлекеттік архивінің директоры Ерофеев Константин Геннадиевич өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.