Жаңалықтар

Архив саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының VІ отырысы

10.06.2025

2025 жылғы 03-07 маусым аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен Архивтер саласындағы ынтымастық жөніндегі Ресей-Қазақстан комиссиясы VІ отырысына және «Реальное виртуальное: документальное наследие в цифровую эпоху» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қазақстандық делегациясының құрамындағы өкілі болып табылатын Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай қатысты.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мәдени-гуманитарлық саласындағы 2026-2029 жылдарға арналған ынтымақтастық шараларының жоспарына сәйкес, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай «Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға эвакуациялау туралы» тақырыбында бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, құжаттар жинағын дайындау бағытында тәжірибелерімен бөлісіп, «Реальное виртуальное: документальное наследие в цифровую эпоху» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарының жұмыстарына белсене қатысып, қажетті ақпараттар алды.

Сонымен қатар, іссапар барысында Ресей Федерациясының мемлекеттік архивінің ұйымдастырған «Без права на забвение. К 80-летию Победы» көрмесін тамашалап, Сахарово қаласындағы Москва мемлекеттік архиві мен Обнинск қаласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік архивтерінің жаңа ғимараттарымен, олардың жұмыстарымен танысып, Боровск қаласына экскурсия жасап, архив саласындағы ынтымақтастықты байланыстыратын өзара қарым-қатынасты нығайту шеңберінде  тәжірибе алмасты.