Жаңалықтар

«Архив – 2025: архивтегі аманат» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

08.11.2025

2025 жылдың 6 қараша күні Астана қаласында «Архив – 2025: архивтегі аманат» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві ұйымдастырған «Архив-2025: архивтегі аманат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Тулебай Марат Тулебайұлы, архивист қызметкерлері Г.Саркулова, Н.Жаппарова және Шалқар филиалының директоры Б.Жұмабекова қатысты.
Конференция 2020–2025 жылдарға арналған «Архив–2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының қорытынды кезеңіне арналды.
«Архив – 2025» кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ұлттық архив қорын отандық және шетелдік архивтерден Қазақстан тарихы бойынша құжаттық дерек көздерімен толықтырылды және ғылыми айналымға енгізілді. Архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасы заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен нығайтылды.
Осы орайда, архив директоры М.Тулебай республикалық конференцияға қатысушыларға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қолжеткізген жетістіктері туралы бейнероликпен таныстырып өтті. Конференция жұмысына мемлекеттік билік органдары өкілдері,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаттары, республикалық және облыстық архивтер басшылары мен мамандары, тарихшы-ғалымдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.Аталған конференция архив саласының қарқынды дамуына серпін беріп, өз жалғасын табуға ықпал етеді.