Жаңалықтар

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің мамандары Ақтөбе қаласы әкімдігінде Ұлттық архив қорын толықтыру және ведомстволық архивтердің жұмысын ретке келтіру мақсатында бөлім басшылары мен жауапты мамандарға арналған оқу-әдістемелік семинар өткізді.

15.04.2026

Семинар барысында Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Бабасова А.М. презентация негізінде баяндама жасады.

Іс-шарада құжаттарды ведомстволық сақтаудың негізгі міндеттері түсіндірілді. Атап айтқанда, ұйым архивіндегі құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсырғанға дейін олардың түпнұсқалығы мен сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңнамасын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы мәлімет берілді.