Жаңалықтар

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түсетін адвокаттық сұранымдарды қарау тәртібі» туралы семинар

12.02.2024

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Алматы қаласы Мәдениет басқармасы ұйымдастыруымен 2024 жылғы 8 ақпан күні Алматы қаласының мемлекеттік архивінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен мемлекеттік қызметтерді алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түсетін адвокаттық сұранымдарды қарау тәртібі» туралы мемлекеттік архивтер көрсететін мемлекеттік қызметтерге жүргізілген мониторинг қорытындысына арналып өткен семинарға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай қатысты.
Диалогтық алаңда Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түсетін адвокаттар мен нотариустардың әлеуметтік-құқықтық сипаттағы архивтік анықтамаларды беру жөніндегі сұранымдарын орындау кезінде Қазақстан  Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманың талаптарын орындау мәселелері талқыланды.
Семинардың қорытындысы бойынша адвокаттар мен мемлекеттік архивтердің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтерге жататын сұранымдарды қарау рәсіміне қатысты ұсынымдар берілді.