Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің 100 жылдығы

22.12.2023

20-22 желтоқсан күндері Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің 100 жылдығына арналған «Батыс Қазақстан облысының тарихы архивтерде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Ауқымды іс- шараға Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінен, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар, архив саласының мамандары және Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Архив істері және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А.Баимбетова, Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві директорының өндірістік жөніндегі орынбасары С.Книжник және Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы А.Бабасова қатысты.
Шара барысында Орал қаласының «Атамекен» өнер ордасында өткен Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық мәжілісінде «Батыс Қазақстан облысының тарихы архивтерде», «Қазақстан архивтерінің дамуы мен өзекті мәселелері» атты тақырыбында архив ісінің және архивист маманының маңыздылығы мен беделін, танымдылығын арттыру аясында тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің 100 жылдығына арналған көрмемен, Орал қаласының көрнекі жерлерімен танысып, қала музейлеріне «Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығына» саяхат жасады.