Шараның мақсаты:Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен насихаттап, Ата заңымызды қастерлеу, рәміздерді құрметтеу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қызметкерлердің бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
Шара барысында ұжым қызметкерлеріне Қазақстан жерінде тұратын әрбір адам еліміздің негізгі заңын құрметтеп, әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуы жөнінде толық ақпарат беріліп түсіндірілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтылып, слайдтар мен бейнероликтер көрсетіліп, «Ата Заңға-30 жыл» атты архив құжаттары негізінде жасақталған көрмемен таныстырылды.
Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Марат Тулебайұлы шараға қатысқан қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен құттықтап, отбастарына бейбітшілік, амандық, бірлік табыс тіледі.
Шара соңында ұжым қызметкерлері Ата заңымыз халқымызға адал қызмет етеді деген сенімдерін білдіріп, Отанымыз өркендеп, дами берсін деген ниетпен өздерінің жылы лебіздерін білдірді.