Жаңалықтар

22 желтоқсан – Архившілер күні!

23.12.2021

Тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресінің сақтап, болашақ ұрпақтарымызға асыл мұра, құнды қазына ретінде табыстайтын архивтердің мемлекеттік маңызы зор. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 22 желтоқсан – Архившілер күні Ақтөбе облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен облыстық мемлекеттік архиві бірлесіп мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шарада Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары Б. Елеусінова архив саласына елеулі еңбегі сіңген, ардагерлер мен қызметкерлерді мемлекеттік “Архив саласының үздігі” медалімен, ҚР Мәдениет және спорт министрінің, Ақтөбе облысы әкімінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаттарымен марапаттады. Құрметті архив қызметкерлері! Кәсіби мерекеміз құтты болсын! Абыройлы архив ісінің дамуы үшін қызметтеріңізге үлкен жеңістер, биік белестер, жетістіктер, отбасыңызға бақыт, береке, амандық тілейміз!