Әйтекеби ауданының архиві
« Ақтөбе облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы» ММ–нің «Әйтеке би ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Жұмыс кестесі: 9:00-18:00 (дүйсебі-жұма)
Түскі үзіліс: 13:00-14:00
Жұмыс тел: 8(7139)2-15-21 Эл.пошта: arhiv.aitekebi@mail.ru
Жұмыс режімы: 09.00:18:00
Мекен жайы: Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 6 үй.
«Әйтеке би ауданының мемлекеттік архиві» КММ 2005 жылдың 12 шілде айынан бастап жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда архивте 44 қордың 1935 – 2021 жж. 11363 құжаттары сақталуда, оның ішінде 6254 басқару құжаттамасы және 5109 жеке құрам бойынша құжаттар. 4 жеке тектік құжаттар, 590 фото құжаттар сақталған. Бастапқы құжаттар 1935– 1936жж. азаматтық хал Актілерін Жазу бюросының, сондай-ақ 1955 жылдан 1999 жж. құрылған совхоз құжаттары.Комсомол, Қарабұтақ аудандық атқару комитетінің 1956 – 1997жж., Әйтеке би ауданының Прокуратураның, соттың 1979 – 2015 жж., Қарабұтақ аудандық аурухананың 1952 – 1997 жж., Әйтеке би орталық аудандық ауруханасының 1966 – 2005 жж., Әйтеке би ауданының Әкім Аппаратының, мәслихатының 1990 – 2015 жж. құжаттары т.б. сақтауда бар. Осы құжаттар архив үшін бағалы құжаттар болып саналады. Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны көбеюде. Бұлар бойынша архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетеді. Жұмыстағы қиыншылыққа қарамай архив қызметкерлері еліміздің және жақын, алыс шет елдерінің азаматтарынан, мекемелерінен келіп түсетін сұраныстарды толық, сапалы және уақытылы орындауға тырысады.
Әйтеке би ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісінің міндетін атқарушы Мамбетова Гулзат Бөкенбайқызы (архивист) уақытша өзінің негізгі қызметімен қоса атқаруда.
2008-2023 жылдар аралығында Әйтеке би ауданының мемлекеттік архивінде архивист қызметінде. Архив қызметкерлері өз кәсіби деңгейін жаңа нормативтік құжаттаманы зерттеу және аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық семинар мен конференцияларға қатысу арқылы үнемі жоғарылатуда.
Аудан архивистері 2018-2020 жылдары Әйтеке би ауданының әкімі Е.М. Ибрашевтің – Алғыс хатымен, 2021 жылы Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А. Юнисованың – Алғыс хатымен, 2023 жылы Әйтеке би аудан әкімінің орынбасарының – Алғыс хаттарымен марапатталды.