Жаңалықтар

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»…

16.04.2021

ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы Қазақ халқының тәуелсіздігін армандаған Алаш қайраткерлерінің қызметін, Алашорда тарихына ерекше


тоқталып кеткен болатын. Алашорда тарихын, Алаш арыстарының қызметінің тарихи маңызын насихаттау мақсатында архив қызметкерлері «АЛАШ-АЗАТТЫҚ БАСТАУЫ» тақырыбындағы тарихи-танымдық сағатын онлайн форматта өткізді. Шараға Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымының кандидаты, доцент А. Мәден, М.Оспанов ат. Батыс Қазақстан медицина университетінің аға оқытушысы, гуманитарлық пәндер магистрі, докторант А.Мұханбетгалиева, Ақтөбе жо,ары политехникалық колледжінің оқытушысы Г.Қайжанова, ғылыми қызметкерлер, студенттер қатысты. Архив құжаттарының негізінде баяндама және «Алашорда тарихы құжаттарда» тақырыбында виртуалды құжаттық көрме көрермендерге ұсынылды.