Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылып, архив құжаттары негізінде жасақталған «Ғасырлар үндестігі» атты тарихи-құжаттық көрме ұсынылды.
Шараның мақсаты: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын мәңгі есте қалдыру, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған жандардың, ардақты азаматтардың есімдерін жас ұрпаққа жеткізу, осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған жандарды мәңгі ұмытпау, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беруді өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады.
Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары, тарих ғылымдарының кандидаттары Д.Әбенов, Ж.Бегімбаева, А.Мәден қатысып, архив құжаттары негізінде Ақтөбе облысындағы қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар туралы тарихына тоқталып, тың деректер негізінде студенттердің ой-пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында дөңгелек үстелге белсене қатысқаны үшін 3 курс студенттерін Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай Алғыс хатпен марапаттады.