Архив ісі және құжаттаманы басқару комитетінің “Архив ісінің өзекті мәселелері және даму жоспарлары” тақырыбындағы республикалық кеңес мәжілісіне Ақтөбе облысыныңмәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Г. Маханова, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М. Тулебай қатысты. Кеңесте республикадағы архив ісінің мәселелері мен жоспарлары талқыланды.