Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында офлайн форматта өткен «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау мәселесі бойынша семинар-кеңес

21.02.2025

2025 жылдың 20-21 ақпан күндері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында офлайн форматта өткен «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау мәселесі бойынша екі күндік семинар-кеңеске Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Бабасова Аглен Мырзабаевна және архивист маман Дайынова Әсем Омарқызы қатысты.
Семинар барысында электрондық құжаттарды ЭҚАБЖ-дан «Е-Архив» АЖ-нің «Ведомстволық архив» модуліне миграциялау және «Е-Архив» АЖ техникалық сүйемелдеу мен жетілдіруді қамтамасыз ететін «IServ» ЖШС қатысуымен жүйе пайдаланушыларын электрондық құжаттардың құндылығына сараптама жасау және оларды мемлекеттік сақтауға қабылдау тәртібіне оқыту өткізілді.
Семинарға барлық өңірлердің архив мекемелерінің ведомстволық архивтермен жұмыс жасау, мемлекеттік есеп жүргізу, ақпараттық технологияларды енгізу, архив ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты қызметкерлері, сондай-ақ «Е-Архив» АЖ жұмысына техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін мамандар қатысып, өздеріне қажетті ақпараттар алып, біліктіліктерін арттырып, өзара тәжірибе алмасты.