Жаңалықтар

«Отандық және шетел архив қызметіндегі озық тәжірибелер» диалог алаңы

11.12.2020

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Ш. Уалиханов ат. Тарих және этнология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен «Отандық және шетел архив қызметіндегі озық тәжірибелер» тақырыбында диалог алаңы өтті. Шара барысында архившілер мен зерттеуші -ғалымдар «Архив-2025» жобасының жұмыс бағыттары, архив ісіндегі озық тәжірибелермен бөлісу, зерттеу жұмыстарының мазмұны туралы ой бөлісті.