Жаңалықтар

«АРХИВ ІСІ:ЖЕТІСТІКТЕР, ТӘЖІРИБЕЛЕР ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕР»

20.06.2021

18 маусымда облыстық архив ғимаратында Ақтөбе облсының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисова және мамандары, «ҚСМСТ және АҚ КО» АОФ-ң төрағасы Н.Табылдинова, Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві, филиалдары және аудандық мемлекеттік архивтерінің басшылары мен қызметкерлері қатысуымен «Архив ісі»: жетістіктер, тәжірибелер және мәселелер» облыстық ғылыми-тәжірибелік семинары өткізілді.Семинарда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы «Архив-2025» жобасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің Қобда филилалының 55 жылдығы қарсаңында облыстық архив ісіндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында мамандардың кәсібилігін дамытудағы жетістіктер мен тәжірибелер, архив ісіндегі өзекті мәселелер талқыланды. «Архив-2025» кешендік жоспарының аясында баспадан шығарылған «Тарих тағылымы құжаттарда» атты мақалалар жинағының тұсаукесері өтті. Шалқар филиалының директоры Е.Мусин зейнеткерлік демалысқа шығарып салу барысында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәіподағы» тарапынан «Еңбек даңқы» медалімен марапатталды.