Жаңалықтар

«Архившілер күні» кәсіби мерекесі

20.12.2023

«Архившілер күні» кәсіби мерекесі қарсаңында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап Ақтөбе қаласы, Астана ауданының әкімі А.Жақсылықов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Ағниязов келді.
Құттықтау барысында тұтас дәуірлердің куәсі болған архивтік мұраны сақтауда, өңдеуде және қоғам игілігіне пайдалануда халыққа көрсетіп келе жатқан тынымсыз да адал қызметтері мен қатар келешек ұрпаққа мұра етіп жеткізуде өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері Ақтөбе қаласы, Астана ауданының әкімі А.Жақсылықовтың атынан «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Сонымен қатар, ұжым қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап келген қонақтарға архивтің ғимаратына экскурсия жүргізіліп, архивтің тыныс-тіршілігімен таныстырылып, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің 100 жылдығы мерейтойы аясында түсірілген «Архив – ел тарихының шежіресі» атты бейнефильмі көрсетілді.
Құрметті ұжым қызметкерлері, кәсіби мерекеміз құтты болсын! Архив ісін жетілдірудегі жаңа бастамашыл жобаларды жүзеге асыруда сарқылмас күш-жігер, атқарып жатқан қызметтеріңізге толағай табыс пен мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!