“Архив-2025” іс- шаралар кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай Қостанай облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен өткізілген “Қостанай облысы аумағындағы 20-50жылдардағы қуғын-сүргін құрбандары” тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты. Семинарда М. Тулебай әріптестермен архив құжаттарын цифрландыру, сақтандыру қорын қалыптастыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жүргізілген жұмыстарды талқылап, тәжірибе алмасты.