Жаңалықтар

Алматы қаласында өткен Қазақстан архившілерінің II халықаралық конгресі

07.10.2024

2024 жылдың  1-4 қазан аралығында Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Халықаралық архивтер кеңесінің (ICA), ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Өңірлік кеңсесінің қолдауымен ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы Қазақстан архившілерінің II халықаралық конгресіне Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Архив істері және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Баимбетова Айман Алекешевна мен Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Тулебай Марат Тулебайұлы қатысты.

Конгрестің  негізгі мақсаты тарихи-мәдени, құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері бойынша кәсіби қоғамдастықпен архивтерді дамытудың инновациялық идеяларын қалыптастыруға және үздік архивтік тәжірибені тарату болып табылды.

Конгреске – мемлекеттік, ведомстволық және жеке архив қызметкерлері, тарихшылар, мәдениеттанушылар, IT-саласының қызметкерлерімен қоса 20-дан астам мемлекеттен келген делегаттар  қатысып, конгресс іс-шараларының пленарлық және панельдік сессиялар,  вебинарлар, жетекші халықаралық және отандық сарапшылардың шеберлік сабақтары, семинарлар және хакатондар, тарихи құжаттық көрмелерімен танысып, архив саласы қызметінің ынтымақтастықты байланыстыратын өзекті тәжірибелерімен бөлісті.

Шара барысында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаровтың құттықтау хатын  ҚР Президенті Архивінің директоры Әлия Құсайынқызына  табыстап,  архив саласындағы әріптестерді 30 жылдық мерейтойымен құттықтап жылы лебізін білдірді.

 

 

\