Жаңалықтар

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлының жұмыс сапары

11.12.2024

Ағымдағы жылдың 10-11 желтоқсанында Ақтөбе облысының мемлкеттік архивінде Алматы қаласынан жұмыс сапарымен келген Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмағұлов Болат Сағидоллаұлы архив қызметкерлерімен кездесіп, архив қорларында сақталған құжаттармен танысып, ізденіс-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Болат Сағидоллаұлы архивтің тыныс тіршілігі мен жұмысы бағытында тәжірибе алмасып, тың деректер жарияланған жинақтарды архив қоры кітапханасына сақтауға ұсынды.
Кездесу барысында Ақтөбе облысының мемлкеттік архивінің директоры Марат Тулебайұлы келген қонағымызға алғысын білдіріп, өзара қарым-қатынасты нығайту, ынтымақтастықты дамыту аясында шығармашылық табыстар тілеп, «Ақтөбе облысының мемлекеттік архивіне 100 жыл» атты жинақты сыйға тарту етті.