Жаңалықтар

«Архив және болашақ ұрпақ»

21.09.2026

2026 жылдың 21 қыркүйек күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында қала тұрғындарына, жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектеп оқушыларына  «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Облыстық архив қабырғасында бесінші рет ұйымдастырылып отырған Ашық есік күні іс-шарасының басты мақсаты: архив қорларындағы дереккөздерді пайдалана отырып, архивтік құжаттарды насихаттау Қазақстан тарихына, қоғамның ұлттық мәдениетіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жастарды жұмылдыру, қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезім мен адамгершілік сананы бойларына сіңіру және өскелең ұрпаққа кеңінен тарату архив  саласы мамандарының еңбегін насихаттау болып табылады.

Шараға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері, Жалпы орта білім беретін «SMART BILIM»  мектеп гимназиясының оқушылары, М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушылары, №45 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары, №78  Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушылары, М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары,  № 38 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары қатысып, тарихымызды құнды құжаттармен толықтырып отырған архив мекемесінің тарихы, маңыздылығымен қоғамдағы ролі, тыныс – тіршілігі туралы мәліметтер беріліп, құнды құжаттар сақталған қоймаларға экскурсия жүргізілді.

Шара барысында іс-шараға қатысушыларға  видеороликтер, бейне-слайдтар көрсетіліп, архив қорындағы дереккөздер негізінде ұйымдастырылған «Шетелдік архивтердегі құнды құжаттар» «Қазақтың Батыр қызы Сапура Мәтенқызының ерлігі», «Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің жетістіктері»  тақырыбында жасақталған фото-құжаттық көрмелермен таныстырылды.