2026 жылғы 4 маусымда Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Тарих факультетінің 2-курс студенттері мен архив қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылдану тарихын насихаттау, олардың қолданылуы, пайдаланылуы және орналасу тәртібі туралы түсінік беру, сондай-ақ қатысушылардың азаматтық-патриоттық сезімдерін қалыптастырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы, оларды заңнамаға сәйкес орналастыру, қолдану және пайдалану тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, студенттер арасында викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Сондай-ақ архив қорында сақталған мерзімді басылымдардағы мемлекеттік рәміздерге қатысты жарияланған материалдар негізінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылығымыз» атты көрме ұсынылды.
