Жаңалықтар

«Ер Едіге» жыр мектебінің «Жыраулар жолымен…» атты бірегей жобасы GBR (Global Book of Reсords) дүниежүзілік рекордтар кітабына енгендігі туралы

02.06.2026

2026 жылдың 2 маусым күні Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған «Ер Едіге» жыр мектебінің «Жыраулар жолымен…» атты бірегей жобасы GBR (Global Book of Reсords) дүниежүзілік рекордтар кітабына енгендігі туралы ресми құжаттарын, үздік аудио-видео таспаларын Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қорына табыстау іс-шарасы өткізілді.

Бұл шара – ұлттық әдебиетіміздің, тарихымыздың асыл қазынасын болашақ ұрпаққа аманаттау, рухани құндылықтарды сақтау жолындағы маңызды қадам болып саналады.

Бұл игі бастама – халқымыздың рухани қазынасын сақтап, келер ұрпаққа аманат ету жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 29 тамыздағы №235 бұйрығымен бекітілген архив құжаттарын қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына сәйкес мемлекеттік сақтауға қабылданады.

Шараға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисова және басшысының орынбасары М.Балмагамбетова, Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ә.Байнешов, Облыстық мәслихатының депутаты Б.Қалмағанбетов, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ш.Ершілік, Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Г.Қалиева, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі Ә.Сарин және ұстаздары Н.Әбілхасан, Ж.Елемесов қатысты.

Ұлттық мұраны ұлықтап, тарихи құндылықтарды келешекке жеткізу – баршамызға ортақ қасиетті міндет.