Жаңалықтар

Республика күні

22.10.2022

Биыл 25 қазанда еліміздің ұлттық мерекесі ретінде Республика күнін мерекелеу қарсаңында 2022 жылдың 22 қазан күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде ұжымның жалпы  жиналысы өтті.

Жиналыс Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебайдың сөз сөйлеуімен басталды. Ол барлық ұжым қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтады.

Жиналыс соңында мереке тарихы, Қазақстан Республикасының құрылуы мен дамуы туралы бейнероликтер көрсетіліп, мемлекеттік әнұран орындалды.