Жаңалықтар

Референдум

24.05.2022

24.05.2022 ж. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ұжымына 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы алдағы референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Референдум өткізу азаматтардың ерікті түрде қатысуы және еркін ерік білдіруі, азаматтардың жасырын дауыс беру арқылы референдумға қатысу құқығын жалпыға бірдей, біркелкі және ашық ету қағидаттарына негізделеді. Әрбір азаматтың өзінің азаматтық борышын орындауы, өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуі және 2022 жылғы 5 маусымдағы референдумға келіп, дауыс беруі маңызды.