Жаңалықтар

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары архивте

24.03.2022

Халқымыздың аса құнды тарихи маңызы бар құжаттарын сақтап отырған Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивіне бүгін жұмыс барысымен Ақтөбе облыстық маслихатының депутаттары Шынтасова С.П., Шункеева Ә.Қ., Құлдыбаева Ә.Е. архив жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Ақтөбе қаласы, Лачугина 2 мекен-жайда орналасқан, тозығы жеткен архив ғимаратының жай-күйін көріп, құжаттардың сақталу тәртібіне көз жеткізе отырып, кезек күттірмейтін күрделі жөндеу жұмыстарын тез арада жасау керек және бұл қажеттілік құжаттарды сақтап қалу үшін маңыздылығы жоғары деген түйінді ойларын айтты.

Сонымен бірге Ағайынды Жұбановтар көшесі 255 мекен-жайда орналасқан архив ғимаратының күрделі жөндеуден өткен жағдайымен танысып, архив құжаттарын сақтау мен қорғау сияқты атқарылған істерге тәнті болып, өз ризашылықтарын білдірді. Қазіргі заманға сай жабдықталған техникалық құралдармен архив құжаттарын цифрландыру жұмыстарымен танысты және архив қызметкерлерімен кездесіп, өз пікірлерімен бөлісті.