Жаңалықтар

2024 жылдың 9 тамызында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде 12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай мекеменің жас мамандары арасында «Жастар — біздің болашағымыз» атты танымдық сайыс өткізілді.

09.08.2024

024 жылдың 9 тамызында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде 12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай мекеменің жас мамандары арасында «Жастар — біздің болашағымыз» атты танымдық сайыс өткізілді.
Шараның мақсаты:1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 тамызды Халықаралық жастар күні деп жариялау туралы ұсынысын қолдағаннан кейін Халықаралық жастар күні Қазақстанда 2000 жылдан бері тойланып келеді. Халықаралық жастар күнін атап өтудің басты мақсаты жастардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, сүйіспеншілігін арттыру, ар-намысы патриоттық рухы жоғары азамат тәрбиелеу, жастардың шығармашылық деңгейін шыңдау, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін кеңейтіп, танымдық деңгейін көтеру, білімге деген құштарлығын арттыру, ізденімпаздыққа жетелеу, әріптестермен қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Шараға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінен 22-28 жас аралығында архивист жас мамандар: Ү.Әкімжан, Ә.Дайынова, Ж.Болатов, И.Мақсотов, Е.Аманкулов қатысты. Шараны ашылу сөзімен Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінінің директоры М.Тулебай: «Қоғамның қозғаушы күші – жастардың қолында» деп сенім білдіріп сайысқа қатысушы жастарға қолдау білдірді.
Сайыс 3 кезеңнен тұратын тапсырмалар: 1.«Кім тапқыр» Сұрақ-жауап сайысы, 2.Патриоттық тақырыпта ақын-жазушыларымыздың өлеңін жатқа айту және мақал-мәтел сайысы, 3.«Кім жылдам» спорттық ойындар сайысы
бойынша өтті.
​Шарада жастар әр түрлі бағытта, әр қырынан өздерінің қабілеттілігін, іскерлігін, шапшаңдығын, белсенділігін, шығармашыл деңгейлерімен шараның өте қызықты, тартымды өтуіне көтеріңкі көңіл-күймен бар ынта-жігерлерін салды.
Шара соңында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінінің директоры М.Тулебай сайысқа қатысқан жастарымызға ризашылығын білдіре отырып, Кәсіподақ ұйымының атынан дайындаған ынталандыру сыйлығымен алғысхаттармен марапаттады және осындай ел жастарына рух беретін әрі оларды елін, Отанын сүюге шыңдайтын, мазмұнды игі іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табады деп барлығына мықты денсаулық, шығармашылық жетістік тіледі.