Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві ел тарихының елеулі кезеңдеріне, тарих пен мәдениеттің деректі ескерткіштеріне, сондай-ақ белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты жәдігерлерді жинақтап отырған бір ғасырлық тарихы бар шежірелі мекемесіне бүгінгі күні 100 жыл толып отыр.
Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің 100-жылдық мерейтойы аясында биыл алғаш рет «Үздік архивші – 2023» облыстық байқауы ұйымдастырылып отыр.
Байқаудың негізгі мақсаты Ақтөбе облысының мемлекеттік архивтері арасында ынтымақтастықты нығайту, мемлекеттік архивтердің рөлін насихаттау, архив ісі саласында архившілердің кәсіби, іскерлік белсенділігін ынталандыру, үздік архившілерді анықтау, архивші мамандығының қоғамдағы мәртебесін арттыру, әріптестермен тәжірибе алмасу, архившілердің танымдық көзқарасын заманауи тұрғыда дамыту болып табылады.
Байқауға Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Қобда, Шалқар филиалдарымен қатар Алға, Әйтекеби, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Хромтау, Ырғыз, аудандарынан 11 архивист мамандары қатысты.
Облыстық байқауда мамандар 4 кезеңнен тұратын тапсырмалар бойынша сайысқа түсті.
Байқауда өз іскерлігімен, белсенділігін көрсеткен байқаудың бәйгесі де өз мәресіне жетіп, сапасын сарапқа салған әділқазылар алқасы шынайы шындықпен әділдігін бағалап жеңімпаздарды анықтады.
Байқаудың бас жүлдесін Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің архивисті А.Кульниязова жеңіп алды.
Жүлделі І орынды Ырғыз ауданының мемлекеттік архивінің архивисті А.Елубай, ІІ орынды Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Шалқар филиалының архивисті М.Мирамбек алса, ІІІ орынды Әйтеке би ауданының мемлекеттік архивінің архивисті иеленді және жеңімпаздарымыз Диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық байқауға белсене қатысқандары үшін барлық қатысушылармызға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтары табысталды.