ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 24.11.2020ж. Жарлығы бойынша Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде өңірлік комиссияның жұмыс тобы архив құжаттарымен зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Архивте ақталған қуғын-сүргін құрбандары бойынша деректер базасын жасақтауда. Қ.Жұбанов ат. өңірлік университетінің тарихшы-зерттеушілері қуғын-сүргін тарихына қатысты құжаттар қорларын жинақтап, зерттеуде. Атқарылған іс-шаралар барысын архив директоры М.Тулебай БАҚ өкілдеріне толық таныстырды.