2022 жылғы 23 қыркүйекте Ақтөбе облысының Мемлекеттік архивінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Ақтөбе облысындағы күндері өтті.
Қазақстан Республикасы Перзиденті Архиві
«Ашық қоғамға – ашық Архив» тақырыбында Қ. Жұбанов өңірлік университетінің тарихшы- ғалымдары, Ақтөбе облысының Мемлекеттік архивінің, филиалдарының, аудандық мемлекеттік архивтерінің қызметкерлерінің қатысуымен онлайн форматта ғылыми- әдістемелік конференция ұйымдастырып, тарихи-мәдени, құжаттық мұраны сақтаудың заманауи өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен мақсаттарды талқылау және шешімдер қабылдау, архивтерді дамытудың инновациялық жолдарын қалыптастыру, архив ісі мамандарының біліктілігін арттыру, жаңа жобаларды жүзеге асыру және үздік архивтік тәжірибелермен бөлісу жұмыстары жүзеге асырылды.
Іс-шара барысында ҚР Президенті Архивнінің білікті мамандарының өткізуімен «Архивтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және сандық форматқа көшіру жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияларды пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді. Отандық архивтердің әріптестік қатынастарын жаңа деңгейге көтеру және жаңа әдіс-тәсілдермен таныстырулар бойынша ҚР Президенті Архивінің бастамалары баяндалып, ондағы ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерделеу Орталығының жұмысы таныстырылып, «Ахмет Байтұрсынұлы – мәңгілік тұлға» атты тарихи-құжаттық көрмеге онлайн-шолу жасалды.