Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14-15 қараша аралығында, Ақтөбе қаласында «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінің пайдаланушыларына офлайн форматында оқыту жұмыстары өткізілді.
Осы іс-шараға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қажетті тәжірибе алды.