Жаңалықтар

Құрметті Ақтөбеліктер!

16.04.2021

1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін — халықтың жаһандық трагедиясы. Бұл ауыр жолда қаншама адам жандарын пида етіп, ГУЛАГ тұтқындарына айналды. Мүліктерінен айырылып, депортацияға ұшырады.


Осыған орай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлыққа қол қойып, елімізде осы бағытта жүйелі жұмыстар басталып кетті.

Қазір Ақтөбе облысында арнайы комиссия жасақталып, жұмыс жасауда. Оның құрамында өлке тарихын зерттеп-зерделеп жүрген елімізге белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен арнайы мамандар бар. Комиссия мүшелері өңір халқымен кездесіп, жинақталған материалдарды жан-жақты саралап, мемлекеттік комиссияға тапсырады.

Мақсаты — саяси-қуғын сүргін құрбандарына ұшырап, өкінішке орай, бүгінге күнге дейін ақталмаған азаматтардың нақты санын анықтау болып табылады.
Әрине, бұл ауқымды жұмыс қажырлы еңбек пен уақытты талап ететінін ескере отырып, осы орайда облыс тұрғындарынан үлкен көмек сұраймыз!

Мәліметтерді жинақтау үшін «Telegram» месенджерінде арнайы арна ашылғандығын хабарлаймыз. Аталған арнаға барлық азаматтар өздерінің ақталмаған тума-туысқандары мен жақындары туралы мәліметтерді жіберуге толық мүмкіндіктері бар. Жолданған әрбір ақпарат Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне келіп түседі.

Сілтеме: https://t.me/rpr_aqtobe
Байланыс телефон нөмірі: 8(7132)-74-21-49, 8(7132)-74-21-45