Жаңалықтар

Анаға тағзым…

22.10.2020

2018 жылдың 28 желтоқсанында Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың «Анаға тағзым» рухани-тәрбие орталығында облыстың мәдениет және өнер саласының қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында мәдениет және өнер саласы ұжымдарынынң 2018 жылы атқарылған жұмыстарының жыл қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ұжымы архив қызметіндегі заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тарихи құжаттарды сақтау және цифрландыру, республикалық, алыс және жақын шетел архивтерімен іскерлік әрі ынтымақтастық қарым-қатынас орнату, электронды архивті дамыту және жетілдіру жұмыстарын белсенді жүргізудегі жетістіктері үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.