Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің, филиалдары мен аудандық мемлекеттік архивтерінің қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасының «Н.Назарбаев:Дәуір.Тұлға.Қоғам» көшпелі көрме жобасының аясында «Елбасы кітапханасыныңақпаратты ресурстары» атты кәсіби сессиясына қатысты. Сессия барысында архив қызметкерлері архив ісіндегі озық тәжірибелермен танысып, кәсіби біліктілік деңгейлерін арттырып, архив саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, құнды мағлұматтар алды.