Қор мінездемесі
Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде облыс архившілерінің көп жылғы еңбек нәтижесінде жиналған архив қоры жасақталған. Ақтөбе облысының архивінде сақталған құжаттар Ақтөбе облысы тарихының құнды дереккөзі болып табылады.
Жергілікті атқару комитетінің Кеңес қоры, ревкомдар, мемлекеттік өкіметтің жергілікті және басқару органдарының корлары облысымызда Кеңес үкіметін орнату, қызылгвардияшылар отрядын құру, интернационалдық құрамаларды ұйымдастыру, қаланы ақгвардияшылардан қорғау, азамат соғысы кезінде Қызыл Әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауылшаруашылығы коммунналарының құрылуы, кедейшілік комитеттері мен «Қосшы» одағы комитеті, жеке кәсіпорындарды ұлттандыру, бай-кулактарды тәркілеу, ұжымдастыру және иеліктен айыру, балалардың панасыздығымен күресу, қоныс аударушыларды орналастырып, оларды азық-түлікпен қамтамасыз еткендігі, сонымен қатар, Ақтөбе облысындағы 20-30-шы жылдардағы ашаршылық пен сауатсыздық туралы құжаттарды қамтиды. Ауылшаруашылықты дамыту, облыстағы колхоздар мен совхоздардың экономикалық даму көрсеткіштері, депутаттардың сайлаушылар алдында оқыған баяндамалары, халық шаруашылығының бесжылдық жоспарын орындау, нарықтық қатынасқа ауысу, Кеңестер қызметін қайта құру, жастармен жұмыс жасау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау, облыстық Әлем Кеңес Қоры бөлімінің, «Қайырымдылық және денсаулық» қорының жұмысы, ардагерлер Кеңесі, «Тұрғын үй-91» бағдарламасын жүзеге асыру туралы баяндамалар мен ақпараттар сақталған. Қазақстан тәуелсіздігі кезеңіндегі құжаттар мемлекеттік меншікті жекешелендіруді бейнелейді. Сонымен қатар, 2000 жылғы кезеңге дейінгі қазақ тілін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, облысымыздың мемлекеттік басқару органдарының жұмысы, Ақтөбе облысына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Ақтөбедегі Мәжіліс Парламентінің өкілі М.Т. Оспановтың және т.б. белгілі қоғамдық-саяси тұлғалардың келуі, атаулы даталарға байланысты мерекелік шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәліметтер қамтылған.
Жоспарлау комиссиясы, қаржы және статистика органдарының қорында өндірісті, ауылшаруашылығы мен құрылысты дамыту, білім беру және денсаулық сақтау, бесжылдық жоспарлары, конъюктуралық және экономикалық шолулар, өндіріс, ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық және құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениетті дамытудың жоспарлары, кірпіш зауыты, электр станциялары, диірмен, топырақты жолдар (Гурьев-Қандыағаш), теміржол желісі, Ақтөбе қаласындағы су құбырының құрылымы, елді мекендерді телефондандыру, қала мен облыста емдеу мекемелері мен оқу орындарының жүйесі туралы, Каспий-Орск мұнай құбырының салынуы, жаңа пайдалы қазба жерін анықтау, Ақтөбе облысы территориясы және оның пайдалы қазбаларының географиялық сипаттамасы, губернияны аудандандыру туралы хат алмасулар, жоспарлар, баяндамалар, колхоздарды орналастыру сметалары, шаруа қожалығының жағдайы, нан, мал азығын дайындау туралы мәліметтер сақталған.
Қаржы органдарының қорында жұмыскерлердің жиналысы, ауылшаруашылық несие серіктестіктерінің құрылуы мен қызметі, Ақтөбе губерниясы, округі, облысы мен аудандарының қаржы-экономикалық шолулары, облыс, қала, аудандардың бекітілген және бюджетті орындау туралы жылдық есептерінің құжаттары сақталған. Есептеу органдарының қорында 1917ж, 1920ж. ауылшаруашылығы санағының 10%, халық сандық, ұлттық, әлеуметтік, жыныс және жас ерекшелігі, егістік жер, жер жалгерлігі туралы құжаттар, кооператив және ауылшаруашылығы бірлестігінің тізімі, мал және ауылшаруашылығы құрал-саймандары, ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасы мен ұсақ қолөнер бұйымдары туралы, мемлекеттік мекемелер мен сауда орындарын есепке алу карточкалары мен тізімдері, өндіріс мекемелері мен оқу, мәдени-ағарту және медицина мекемелерін есепке алу туралы мәліметтер, мекемелердің басқарушы кадрлары және мамандары, жұмысшылар мен қызметкерлердің жынысы, жас ерекшелігі, мамандығы бойынша сандық көрсеткіштері, губерния, әкімшілік-аумақтық бөлінуі туралы құжаттар, елді мекендердің сипаты мен тізімі жазылған құжаттар бар.
Халық шаруашылығы Кеңесі, өндіріс мекемелері, жер қойнауын анықтау және геология қорларында өндірістің дамуы, кәсіпорындардың құрылуы, пайдалы қазбаларды табу, қала, аудан, орталықтарын абаттандыру туралы құжаттар жинақталған. Қорларда халық шаруашылығы Кеңесінің Ақтөбе губерниясының І-съезінің хаттамалары, пленум, президиум мәжілісінің, губерниялық халық шаруашылығы кеңесінің І-өлкелік конференция құжаттары, кәсіпорындарды ұлттандыру, ашаршылыққа ұшыраған адамдарға көмек көрсету туралы хаттар, мемлекеттік және жеке кәсіпорындар тізімі, кірпіш зауытының салынуы, былғары зауытын іске қосу, губернияда бор және селенит минералдарын табу, Дөн кен басқармасының және Ақтөбе ферроқорытпа зауыты жобасының құжаттары, «Жетіқараалтын» тресінің Жыланды кенішін қабылдап алып, тапсыру актілері, «Қазақ КСР-на 20 жыл» Дөн кен басқармасының кенішін пайдалану туралы құжаттар сақталған. Өндіріс мекемелерінің шаруашылық қызметінің жұмысы және талдау қорытындысы туралы баяндамалар, Ақтөбе «Большевик» зауытын, Орал механика зауыты, Петровский атындағы Гурьев зауыттарын кешенді механизациялау және өндіріс процестерін автоматтандыру туралы жоспар жобалары бар.
Жергілікті шаруашылық бөлімдерінің қорында техникалық мәжіліс хаттамалары, жылдық өндіріс жоспарлары, ведомстволық өндіріс бөлімдерінің жұмысы туралы баяндамалар, Темір уезінің экономикалық шолуы, Ақтөбе қаласының тарихи дамуына шолу, Ақтөбе губерниясындағы тұзды көлдердің тізімі және Ақтөбе уезіндегі бор шөгінділері, Елек пен Қарғалы көлдері суының химиялық зерттеулерінің талдауы, электр станциясының құрылуы туралы құжаттар бар. Сонымен қатар, ауыр, жеңіл және азық-түлік өнеркәсіптерінің құжаттары сақталған.
Геология және жер қойнауын барлау туралы қорында мұнайды шығару және бұрғылау, геологиялық іздестіру жұмыстары, мұнай және газ құбырларын, көмір шахталарын салу, Қазақ геология басқармасын ұйымдастыру, геологиялық барлау партиялары, гидрогеологиялық экспедиция, Ақтөбе облысы аймағындағы жер үсті су қорын зерттеу бағдарламалары, ұңғымаларды бұрғылау жобалары, көмір шахталарын құру, Яйсан және Құрашасай көмір қорлары туралы құжаттар жинақталған.
Жер органдары, кедейлік комитеттері, ауыл, орман, су шаруашылығын басқару органдары құжаттарында Кеңес мемлекетінің аграрлық саясаты, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, бай-кулактарды жою, өзара көмектесу шаруа қоғамдары және олар қазақ ауылдарын жаппай ұжымдастыруды дайындаудағы ролі, көшпелі халықты орналастыру, колхоздар мен совхоздарды ұйымдастыру, МТС құру, неміс оккупациясынан босатылған Украина ССР-ның колхоздарына көшірілген малды қайтару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі колхоздар мен совхоздардың жұмысы туралы, тың игеру совхоздарында мәдени-шаруашылық құрылыс, бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне қатысуы туралы, облыстық ауылшаруашылығы көрмелерін өткізу, облысымыздың колхоздары мен совхоздары туралы құжаттар сақталған.
Халыққа білім беру бөлімдері, денсаулық сақтау, мәдени-ағарту мекемелері ұлттық кадрларды дайындау туралы, қазақ халқының өсуі, мектеп, кітапхана, интернат жүйесін дамыту, балалардың панасыздығымен күресу, сауатсыздықты жою, мектеп, интернат, балалар үйінің тізімі, балаларды балалар үйіне жіберу жолдамалары, балалар үйі тәрбиеленушілерінің тізімі, балалар үйімен балаларды іздестіру жөніндегі хат алмасу, асырап алу мен қорғаншылық бойынша құжаттар бар. Денсаулық сақтау қорында тұрғындарға медицина-санитарлық қызмет көрсету аясын кеңейту, денсаулық сақтау мекемелерін салу, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы, еңбекшілерді шаруашылық және мәдени құрылысқа тарту туралы құжаттар бар.
Батыс Қазақстан өлкесінің қалыптасу кезеңінде 1962-1964 жылдар аралығында облыстық мемлекеттік архивте Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстарының шаруашылық жәни мәдени құрылыстарына басшылық ететін өлкелік мекемелер мен ұжымдардың құжаттары жинақталған.
Бұрынғы партия архивінің құжаттары мемлекеттік архив қызметі жүйесімен бірігуіне байланысты, қазіргі мемлекеттік архив қорлары Қазақстан Коммунистік партиясы обкомының бұрынғы архив қорларымен толықтырылды, бұрынғы партия архиві қорларының құжаттар жинағы жасақталды. Жинақтарда 1921 жылдан бастап алғашқы партия және комсомол ұйымдарының құжаттары сақталған. Қазақстан Компартиясының облыстық және қалалық комитеттерінің қорларында, сонымен қатар, болыс, уезд, губерния, округтік комитеттерінде Ақтөбе облысының 1917-1991 жылдар аралығындағы Ақтөбе облысының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінің ақпараттары сақталған.
Қазақ ССР-ы мен Ақтөбе облысының құрылуы, Кеңес Үкіметінің орнатылуы, ұжымдастыру тарихы мен жаппай саяси қуғын-сүргін, елдің индустриализациясы, Қазақстанға қуғын-сүргінге ұшыраған халықты көшіру, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Ақтөбе облысы, тыңайған жерлер туралы құжаттар ерекше қызығушылық тудырады.
Жеке тектілік қорларында Совет Одағының Батырлары, Социалистік еңбек ерлері, белгілі жазушылар мен ақындардың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, тарих ғылымдары кандидаттарының, өлкетанушылардың, ССРО және Қаз. ССР журналистер Одағының мүшелері, суретші, еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Совет үкіметін орнатушылардың құжаттары жинақталған.
Облыстық мемлекеттік архивте сақталған фотоқұжаттар Ақтөбе қаласындағы көрнекті партия және саяси қайраткерлердің, ұшқыш-ғарышкерлер, 30-шы жылдардағы және қазіргі кездегі көше, бөлек ғимараттарды бейнелейді.
РКП (б) губерния және БЛКЖО (ВЛКСМ) уезд комитеті мүшелерінің, делегат және партия конференциясына, Кеңестер съезіне қатысушылардың, кәсіподақ мүшелерінің суреттері азаматтық және Ұлы Отан соғыстары ардагерлерінің, еңбек ардагерлерінің, Социалистік Еңбек Ерлерінің, Қазақстанға әйгілі азаматтардың суреттері сақталған.
Облыстық мемлекеттік архивте жеке тектілік 37 қор және жеке тектілік қор бойынша құжаттардың 6 топтамасы бар:
- «Қазақстанда Кеңес Одағын орнатушылар»
- «Ақтөбелік Кеңес Одағының Батырлары»
- «Ұлы Отан соғысына қатысушылар»
- «Еңбек ардагерлері»
- «Социалистік Еңбек Ерлері»
- «Ақтөбе облысының спорт майталмандары»
Облыстық мемлекеттік архивте сақталған фотоқұжаттар Ақтөбе облысындағы көрнекті партия және саясат қайраткерлерінің, ұшқыш-космонавттардың, 30-шы жылдардағы және қазіргі кездегі қала көшелері мен бөлек ғимараттарды бейнелейді. РКП(б) губерния комитеті мен БЛКЖО уезд комитеті мүшелерінің, делегаттар мен партия конференциясына қатысушылардың, Кеңес съездерінің, кәсіподақтардың, азаматтық және Ұлы Отан соғысының батырларын, еңбек ардагерлері Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақстандағы атақты адамдарды бейнелейді
Архив құжаттарынан бөлек, облыстық мемлекеттік архивте ғылыми-анықтамалық кітапхана (1893-1915 ж.ж.) Ақтөбе уезінің құрамына кірген Торғай облысының шолулары, 1913-1914ж.ж. «Актюбинский городской вестник» журналдары, революцияға дейінгі мекенжай календарьлары, сонымен қатар, «Кедей» (1928ж.), «Степная правда» (1921-1923, 1929-1931 ж.ж.) газеттерінің жинақтары және т.б. облыстық және аудандық газеттер бар.
2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде 1599 қор-694121 сақтау бірлігі сақталған.