Жаңалықтар

«Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбында тарихи-танымдық кездесу

16.10.2026

2026 жылғы 16 қазанда Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы №80 жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларымен «Архив және болашақ ұрпақ» тақырыбында тарихи-танымдық кездесу өткізді.
Танымдық кездесудің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа архив құжаттарының тарихи маңызын түсіндіру, отандық тарихқа деген қызығушылығын арттыру, тарихи-мәдени мұраны құрметтеуге баулу және оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру.
Кездесу барысында оқушыларға архив қызметі мен құжаттық мұралардың маңызын таныстыру мақсатында бейнеролик көрсетіліп, архив қорларындағы тарихи дереккөздер негізінде жасақталған «Шетелдік архивтердегі құнды құжаттар» атты көрмемен сондай-ақ, биылғы жылы мерейтойлары аталып өтілетін тарихи тұлғалардың оның ішінде қазақтың әйгілі тары өсірушісі Шығанақ Берсиевтің туғанына 145 жыл, Алаш қозғалысының көшбасшысы, публицист және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл, қазақ халқының ұлы ұстазы, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай әзірленген көрмелер оқушылардың назарына ұсынылды.