Жаңалықтар

«Колледж тарихындағы тұлғалар» жобасы аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде танымдық экскурсиясы

04.11.2026

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2026 жылғы 4 қарашада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-курс студенттері мен жоба жетекшісі Н.Б.Аманова «Колледж тарихындағы тұлғалар» жобасы аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивіне танымдық экскурсиямен келді.
⚜️Кездесу барысында студенттерге облыстық архивтің қоғам өміріндегі маңызы, негізгі қызмет бағыттары, тарихи құжаттарды жинақтау, сақтау және ғылыми айналымға енгізу жұмыстары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар архивтің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, өткен тарихымыздың құнды деректеріне саяхат жасады.
⚜️Экскурсия аясында студенттер Ақтөбе гуманитарлық колледжінің тарихынан сыр шертетін, оқу орнының іргетасы қаланған кезеңнен бастау алатын тарихи құжаттарға шолу жасады. Сондай-ақ көрнекті тұлғалар мен зиялы азаматтар: Қ.Жұбанов, Т.Жиенғалиев, Қ.Жазықов, І.Үргенішбаев және басқа да қайраткерлердің өмірі мен қызметіне қатысты архивтік құжаттармен танысты.
⚜️Бұдан бөлек, архив қорында сақталған тарихи маңызы зор 1928–1929 жылдардағы «Кедей» газетінің тігінділері, сондай-ақ Ресей мемлекеттік архивтерінен әкелінген өңір тарихына қатысты құнды дереккөздер негізінде жасақталған құжаттық көрмелер студенттер назарына ұсынылды.
⚜️Танымдық экскурсияның басты мақсаты – жас ұрпақтың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыру, тарихи жадыны қалыптастыру және архив құжаттарының өткен мен бүгінді жалғастырушы маңызды мұра екендігін ұғындыру.
Осындай тағылымды кездесулер студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық мұра мен рухани құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.