2025 жылдың 6-7 қараша күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен “Цифрландыру” тақырыбында мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлеріне арналған оқыту өңірлік семинары өтті. Осы семинарға Ақтөбе облысынан мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ж.Таңатарова, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Шалқар филиалының директоры Б.Жұмабекова және облыстық архив қызметкерлері Г.Саркулова, Н.Жаппарова қатысты.
Өңірлік семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және облыстық архивтер басшылары мен мамандары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысуымен өтті. Семинар барысында “Е-Архив” АЖ-де электрондық құжаттардың құндылығын сараптау, “Аудиовизуалды құжаттарды сканерлеу және цифрландыру”, “Ғылыми-техникалық құжаттаманы сканерлеу және цифрландырудың ерекшеліктері”, “Сканерлеу – тарихи және мәдени мұраны сақтау құралы”, “Аймақтарда құжаттарды сканерлеу және цифрландыру мәселелерін талқылау” тақырыптары қамтылып, баяндамалар оқылып, бейнероликтер көрсетіліп, архив саласындағы цифрландыру жүйесінің бағыты бойынша толық ақпараттарға қол жеткізіп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.



