Жаңалықтар

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында өткізілген «Ашық есік күні»

19.09.2025

2025 жылдың  19 қыркүйек күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің  бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында қала тұрғындарына, жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектеп оқушыларына арнап «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Шараның мақсаты: Архив қорларындағы дереккөздерді пайдалана отырып, Қазақстан тарихына, қоғамның ұлттық мәдениетіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жастарды жұмылдырып, қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезім мен адамгершілік сананы бойларына сіңіру және  өскелең ұрпаққа  кеңінен тарату болып табылады.

Шараға №8 Жалпы орта білім беретін  мектебінің 10-сынып оқушылары,  Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушылары,   №38 қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушылары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих факультетінің II курс студенттері және  қала тұрғындары қатысты.

Шарада тарихымызды құнды құжаттармен толықтырып отырған архив мекемесінің тарихы, маңыздылығымен  қоғамдағы ролі, тыныс-тіршілігі туралы мәліметтер беріліп, құнды құжаттар сақталған қоймаларға экскурсия жүргізілді.

Шара барысында  Ұлы Отан   соғысының аяқталып, Ұлы Жеңіске ұласуына биыл 80 жыл және Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың туғанына 100 толуына орай Кеңес Одағы Батырлары топтамасының жеке тектік қорларында ерлікке сай еңбегі баяндалған тарихи маңызы бар құнды құжаттар негізінде жасақталған «Батырлар ерлігі – ел есінде» және «Әлия – ғасыр аруы» атты  фото-құжаттық көрмелермен таныстырылып, Архивтің алғаш құрылған уақытынан бастап,  осы күнге дейінгі тарихы туралы мәліметтер беріліп, тақырыптар аясында бейне-слайдтар, бейнероликтер көрсетілді.