2025 жылдың 12 ақпан күні, Ә.Молдағұлованың 100-жылдығына арналып «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері арасында шаңғы жарысынан өткен қала біріншілігіне Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлерінен құралған спорт командасы қатысып, белсенділік танытқандары үшін ІІ орынды иеленді және бағалы сыйлық музыкалық колонка ұтып алды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын!