Жаңалықтар

«Әйел құқығы қоғам назарында» атты дөңгелек үстел

27.11.2024

Жыл сайынғы «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» науқан аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 27 қараша күні Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар орталығы жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының мүшелерімен бірігіп «Әйел құқығы қоғам назарында» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді.
Аталған шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы қызметкерлерді хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау болып табылады.
Шара барысында Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар орталығы жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссиясының мүшелері Н.Қонақбаева және А.Алдамжарова зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқығын қорғау, өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында жұмыла еңбек етіп, зорлық-зомбылықсыз әлемді бірге құруға бәріміз атсалысумыз керек екендігін түсіндіріп, дөңгелек үстел тақырыбына қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында өмір салтын сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес аясында бейне-слайд көрсетілді.