2024 жылғы 22 қараша күні, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция жұмысына архивистер, ғалым-тарихшылар, өлкетанушылар, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен қатар облыстық, қалалық, аудандық архивтердің басшылары мен архивистері, және де Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мухтарова Шарбану Казмухановна қатысты.
Конференция барысында Ш.К.Мухтарова «Шетелдік архивтерде ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы» атты баяндамасын оқып, тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, конференция аясында қатысушыларға архив құжаттары негізінде дайындалған «Архив-2025» тарихи-құжаттық көрмесі таныстырылды.