Жаңалықтар

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында өткізілген «Ашық есік күні»

20.09.2024

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің  бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында қала тұрғындарына, жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектеп оқушыларына арнап «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

Шараның мақсаты: Архив қорларындағы дереккөздерді пайдалана отырып, Қазақстан тарихына, қоғамның ұлттық мәдениетіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жастарды жұмылдырып, қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезім мен адамгершілік сананы бойларына сіңіру және  өскелең ұрпаққа  кеңінен тарату болып табылады.

Шараға  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің  тарих факультетінің студенттері, Назарбаев Зияткерлік  мектебінің 11 сынып оқушылары мен ұстаздары,  №38 қазақ орта мектебінің 10-11 сынып оқушылары, қала тұрғындары, БАҚ өкілдері, зерттеушілер қатысты.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай «Ашық есік күні» іс-шарасының салтанатты түрде ашылу рәсімін жасап,  келген архив қонақтарына ризашылығын білдіріп, тарихымызды құнды құжаттармен толықтырып отырған архив мекемесінің тарихына, маңыздылығына,  қоғамдағы ролі мен тыныс – тіршілігіне тоқталып, жұмыс барысына шолу жасап өтті.

Шарада архив қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Құтты мекен Ақтөбеге – 155 жыл» толуына орай Ақтөбе қаласының бүгіні мен ертеңі туралы және   Ақтөбе қоғамдық-саяси газетінің алғашқы нөмірі шыққанына 100 жыл толу аясында ғасыр биігін бағындырып отырған газеттің  шығу тарихы таныстырылып, архив қорындағы дереккөздер негізінде жасақталған «Ақтөбе- арайлы аймағым», «Кедейден» кемелденген басылым» атты фото-құжаттық көрмелер дайындалып, бейне роликтер көрсетіліп, осы тақырыптар аясында студенттермен оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында викториналық сұрақтар қойылып, құнды құжаттар сақталған қоймаларға экскурсия жүргізілді.