2023 жылдың 24 мамыр күні Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы С.Т.Дәулеталин, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының аппарат басшысы Н.Қ.Жұмаш, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Медиа орталығының директоры Г.Ә.Қаракөзова және Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары І.К.Кенжебай мен Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы бойынша бас маманы Н.И.Қонақбаева Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Кәсіподақ Федерациясының басшылары архив мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысып, қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, кәсіподақ жұмысының бағытында атқарылып жатқан және алдағы уақытта іске асырылатын жұмыстары жөнінде айтып өтті. Қызметкерлер тарапынан көтерілген сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, ескерілетін мәселелердің шешілуіне ұсыныстар енгізілетіндігі айттылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Н.Алдамжарова архивте атқарылған кәсіподақ жұмысына тоқталып, өзекті мәселелерді қамтып, туындаған сұрақтар бойынша өз ойын ортаға салып, көкейтесті мазалаған сұрақтарға жауаптарын алды.
Кездесу соңында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Т.Тулебай ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы С.Т.Дәулеталинге Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің құжаттары негізінде шығарылған «Ұлы Отан соғысының тарихынан 1941-1945жж.» атты кітабын және «Тарих тағылымы құжаттарда» атты мақалалар жинағын сыйға тартты. ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы С.Т.Дәулеталин өз кезегінде архив ұжымының қызметкерлерін алдағы келе жатқан 100-жылдық мерейтойларымен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілеп жылы лебізін білдірді.