2023 жылдың 14 сәуір күні, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері мен облыстық архивтің, филиалдар мен аудандық архивтердің қызметкерлерінің қатысуымен «Архив мекемелерінің жылдық жұмысының қорытындысы және 2023 жылға қойылған міндеттері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинар барысында «Шетелдік архивтердегі құнды құжаттар» құжаттық көрмесі және «Архив ісінің жетістіктері» туралы фото көрмелер ұсынылды.
Сонымен қатар, 2022 жылдың шілде, қараша айларында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемелекеттік тарихи архиві мен Башқұртстан Республикасының Уфа қаласындағы Ұлттық архивінде жүргізілген ғылыми-іздестіру экспедициясының жұмыстары туралы Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай қысқаша ақпарат айтып өтті, сондай-ақ архив ісі саласында нәтижеге қол жеткен қарқынды істер мен болашақта жүзеге асырылатын бірқатар жобалар туралы айтылып, өзекті мәселелер талқыланды және де Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қоры құжаттарын есепке алу және сақтауды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ш.Мухтарова «Тарихи құндылықтарды түгендеу» тақырыбында баяндамасын оқыды, ал Мәртөк ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі Н.Жамбусынова «Шетелдік архивтердегі құнды құжаттар» атты ғылыми-іздестіру экспедициясы жұмысының нәтижесімен бөлісті.
Семинар соңында мекеменің Кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Алдамжарова қызметкерлерге 2022 жылдың Кәсіподақ жұмысының есебін берді.