2023 жылдың 20 наурызында, Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін қарсы алу аясында «Армысың, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс шара өткізді.
Шара барысында қызметкерлер Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би және Жиренше ауылдарына бөлініп, өздерінің өнерлерін, белсенді қабілеттерін ортаға салып, ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан көрініс көрсетіп, ұлықтап, қазақтың ұлттық ойындары: Тоғызқұмалақ, Арқан тарту, Асық ату, Бес тас ойындарына белсене араласып, мерекені өз деңгейінде өткізді.
Облыстық архивтің басшысы М.Тулебай ұжым қызметкерлерін Наурыз мерекесімен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, мекеменің аға буын қызметкерлері ұжымға баталарын берді.
Шара соңында архив құжаттары негізінде дайындалған «Наурыз мейрамы архив құжаттарында» көрмесі ұсынылды.