Жаңалықтар

Оқушылар Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде

24.01.2023

Өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, олардың Отан тарихына деген қызығушылығын ояту мақсатында 2023 жылғы 24 қаңтарда Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері қаламыздың №3 орта мектебінің 9 сынып оқушыларына экскурсия өткізді.
Оқушылар архивтің тарихы және қызметімен, 1920-1940 жылдардағы газеттер жинақтарымен, қала көріністері бейнеленген фотосуреттермен, 1930-1950 жылдардағы қуғын-сүргінге қатысты аса құнды құжаттарымен танысты. Сонымен қатар оушылар үшін Ақтөбе ферроқорытпа зауытының құрылғанына 80 жыл толуына арналған фотоқұжаттық көрме ұсынылды.